Труды II-й Республиканской научно-практической online-конференции «Образование XXI века: проблемы, тенденции и перспективы»

Николай Сергеевич Лустов

В сборнике представлены статьи II-й Республиканской научно-практической online-конференции «Образование XXI века: проблемы, тенденции и перспективы».

Оглавление

Албаева Т. Г.

КӨПТІЛДІ МЕҢГЕРУ — ЗАМАН ТАЛАБЫ

(Ақтөбе қаласы КММ «Ә. Ермеков атындағы №23 орта мектеп-лицейінің»)

УДК 372.8

Еліміз өзінің тәуелсіздігін жариялағаннан кейін Қазақстан Республикасының Ата Заңында мемлекеттік тіл — қазақ тілі, сонымен қатар орыс тілін ресми тіл ретінде бекітті. Бұл жерде негізгі мақсат ұлтаралық тұтастықты сақтау, қоғамның тілдік ортасын дисфункцияға ұшыратпау болған еді. Осы орайда орыс тілі достық пен бейбітшіліктің, этносаралық қарым-қатынас тілі мәртебесіне ие болды. Қазіргі кезеңде жаһандану үрдісі етек жайған заманда халықаралық байланыс құралы және халықаралық экономика, халықаралық білім беру тілі — ағылшын тілін білмей әлеуметтік-экономикалық кеңістікке ену мүмкін емес. Сондықтан қазіргі заманның талабы — көптілділік. Адам баласының рухани байлығы, тәрбиесі, білімі — бәрі де тіл арқылы жетіледі. Әр адамның сөздік қоры бай болуы үшін тілін, ой-өрісін жан-жақты дамытуы керек. Сол себепті мемлекетіміздің мектеп реформасында қаралған үш тілде оқыту — заман талабына айналып отырған қажеттіліктердің бірі.

Еліміздің қазіргі заман талабына сай ҚР «Білім туралы» Заңының 5 — бабында: «Барлық оқу орындары мемлекеттік жалпы міндетті стандартқа сәйкес мемлекеттік тіл ретінде қазақ тілін білу мен дамытуды, орыс тілі және бір шетел тілін оқып үйренуді қамтамасыз етуге тиіс», — деп көрсетілген. Елбасымыз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев Қазақстан халықтары Ассамблеясының XII сессиясында сөйлеген сөзінде: «Қазақстандықтардың жаңа ұрпағы ең кемі үштілді болуы, қазақ, орыс, ағылшын тілдерін еркін меңгеруі тиіс» — деді және Еуропадағы мектеп түлектері мен студенттерінің өзара бірнеше тілде еркін сөйлесулері қалыпты жағдайға айналғандығын атап өтті. Көп тіл білу біздің мемлекетіміздің халықаралық байланыстарын дамытуға мүмкіндік беретін тұлғааралық және мәдениаралық қарымқатынастардың аса маңызды құралы болып табылады. 2007 жылы ел президенті «Жаңа әлемдегі жаңа Қазақстан» Жолдауында «Тілдердің үштұғырлылығы» мәдени жобасын кезеңді жүзеге асыруды бастауды ұсынған еді. Елбасымыз өзінің халыққа арнаған Жолдауындағы білім беру жүйесінде үш тілдің: мемлекеттік тіл ретінде қазақ тілін, ұлтаралық қатынас тілі ретінде орыс тілін және әлемдік экономикаға үйлесімді кірігу тілі ретінде ағылшын тілін меңгерген бәсекеге қабілетті маман даярлау міндетін атап көрсеткеніндігі белгілі. Қазіргі таңда адам қызметінің барлық салаларында жаһандану үрдісі орын алғандықтан, білім беру саласында қайта қарастырулар болып жатыр. Сол себептен ақпараттық-коммуникативтік құзырлықпен қатар, полимәдениеттілік бүгінгі уақытта білім беру құзырлығының басты бағыттарының бірі ретінде анықталды. Қазіргі таңдағы ең басты міндет, көптілділікті мектеп қабырғасынан оқытып шығару — бұл мақсат аясында білім кеңістігінде даму тенденциялары байқалуда. Бұл тенденцияларға келер болсақ, алдымен, қарқынды реформаларды тілге тиек етуге болады, яғни білім саласының барлық деңгейін қамтитын және білім саласының өзгерісін бақылайтын жүйелік сараптама (талдау); екіншіден; бұл тенденция қатарына білім саласының әртараптануын (диверсификация) қосу; үшіншіден; білімді халықаралық деңгейге жеткізу, яғни дамыған мемлекеттердің өзара саясиэкономикалық ықпалдасуының арқасында ұлттық білім беру дәстүрін сақтай отырып, жалпы тұжырымдамасын құру. Негізінен жоғарғы мектептерде реформалау процесі көптеген жаңашылдықтарға алып келеді. Осы орайда айта кету керек, Қазақстандағы бірқатар мектептердегі деңгей модернизация тұрғысында Еуропаның көп елдеріндегі сияқты біршама қиындықтарды басынан өткеруде. Бірақ әлемдік білім беру іс-тәжірибесінде көптілді және билингвалды білім беру жаңалық емес, өйткені АҚШ пен басқа да көптеген Еуропа елдері, әсіресе соңғы жылдарда бұл бағытта үлкен жетістіктере қол жеткізгені ақпараттан белгілі. Осы ретте, Қазақстандық білім беру жүйесінде көптілді және билингвалды білім берудің халықаралық іс-тәжірибесінде қолданыс тапқан модельдерін енгізу — жаңа педагогикалық проблема болып отыр, себебі ол жаңа жағдайларда шығармашылық тұрғыдан іске асырылуы тиіс. Негізіннен «Үш тұғырлылық» жобасы аясында үш тілді тілді үйренуге біраз жағдайлар жасалуда. Бұл жоба елімізді әлемнің бәсекеге қабілетті елдерінің қатарына қосылуға үлкен мүмкіндік беретіні сөзсіз. Сонымен бірге осы тұрғыда айта кететін жайт, халық еліміздің мемлекеттік тілі — қазақ тілі екендігін білуі тиіс. Осы ретте көптілділік деп жүргенде өз тіліміздің мәртебесін жоғалтып алмаймыз ба деген ой туындауы әбден мүмкін, бірақ ағылшын тілі қазақ тілін үйренуге ешқандай кедергі жасамайды. Тек соны түсіне білуіміз керек. Сондықтан қазіргі таңда мектептерде шет тілін 1-сыныптан, тіпті балабақшадан бастап оқыту енгізілуде. Себебі, ағылшын тіліне ерте жастан оқытудың тілді жақсы әрі еркін меңгеруге тигізер әсері мол. Негізі балаға жастайынан тіл үйретудің артықшылықтары көп. Сәби санасының қабылдауы жылдам болғандықтан, тілді еркін меңгеруіне септігін тигізеді. Елімізде білім беруді дамытудың 2011-2020-шы жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасында көп тілді білімі бар педагогикалық кадрларды даярлау іске асырылуда. Пәнді үш тілде оқытатын педагогикалық кадрларды дайындауға байланысты мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандартында базалық пәндер циклында шетел тілінен сағаттар санын арттыру және оқудың типтік бағдарламаларында өзгерістер енгізу арқылы жүргізіліп жатыр. Қазіргі таңда оқытушыға қойылатын негізгі талап — ақпараттық сауаттылық, көптілділік, оқуға және барлық педагогикалық қызмет барысында дамып, жетілуге дайын болу. Қазақ даналығы «Ұрпағы білімді халықтың болашағы бұлыңғыр болмайды» деген, жас ұрпаққа саналы, мағыналы, өнегелі тәрбие мен білім беру бүгінгі күннің басты талабы. Қазіргі таңда Қазақстан білімінің жақсы қарқынмен дамуына үкімет тарапынан көп қаржы бөлініп отыр. Көптілділік мәселесі — тек Қазақстан үшін ғана емес, әлем алдында тұрған шешімін таппай тұрған мәселелердің бірі болғандықтан бүгінде елімізде ағылшын тілді мамандарды даярлау жүйесіне нақты ерекше мән берілуде.

Мəселен, М. Əуезовтің «Абай жолы» романы ағылшын тіліне аударылмаса, Абайдай ғажап ақынымызбен қалай мақтанар едік? Ағылшын тілін үйренгеннен біз мəңгүрттенбейміз. Ағылшын тілі — əлемдік бизнес тілі, мемлекеттік тіл — ұлт тілі. Əлемдік ғаламдандырудың өткізгіші, ғаламдандыру тілі болып танылған ағылшын тілін білу — ағылшын тілді елдермен тиімді байланысқа түскен əлемдік деңгейде өз орнын ойып тұрып ала бастаған Қазақстан үшін керек. Қиындық туғызатыны — аталған үш тілді меңгерген мамандардың кездесе бермейтіні. Ендеше, аталған компоненттерден тұратын, яғни қазақ, ағылшын, орыс тілі қатысқан үштілділік сөйлермендерін дайындау кезек күттірмейтін мəселе. Мəселені түбегейлі шешу үшін Қазақстанның жоғары оқу орындарында ағылшын, қазақ тілінен маман болып шыққан қазақ тілді қазақ жəне басқа ұлт өкілдерін үштілділікке ыңғайлап қайта дайындаудан өткізіп, оларға үштілділік маманы деген құжат табыс еткен жөн.

Қазіргі уақытта Қазақстан Республикасының шетелдермен халықаралық байланыстары күннен күнге арта түсуде. Сол байланыстарды дамыту үшін шет тілін жетік меңгерген мамандар қажет. Бүгінгі таңда мұғалімнің жақсы шəкірт тəрбиелеп оқытуына бар жағдай үкімет тарапынан жасалып отыр. Ұстаздың мақсаты — өмірден өз орнын таңдай алатын жəне өзара қарым-қатынаста өзін еркін ұстап, кез келген ортаға тез бейімделе алатын, белгілі бір ғылым саласында білімі мен білігін көрсете алатын, көптілді жəне көпмəдениетті құзыреттілікті игерген полимəдениетті жеке тұлға қалыптастыру. Мектептерде көптілді білім беру үшін тілді терең меңгерген мұғалімдер даярлау қажет. Қазіргі уақытта мемлекеттік тілдің қызмет аясын кеңейту бізде шешімін таппай келе жатқан мəселелердің бірі. Ең алдымен, шəкірттеріміздің патриоттық сезімдерін нығайтуымыз керек. «Тілі бірдің — тілегі бір», «Тіл тағдыры — ел тағдыры» екендігін жадымызда ұстай отырып, ел бірлігінің негізі — тіл бірлігіне қол жеткізу жолында қызмет ету парыз. Ендеше, жас ұрпақтың қазақ тіліне деген сүйіспеншілігін, өзге тілдерді оқып білуге деген қызығулары мен ұмтылыстарын арттыру арқылы олардың Отанға деген махаббаттарын оятып, өз тағдырын ел тағдырымен мəңгілікке байланыстыратын ұрпақ болып қалыптасуына қол жеткізу — басты міндетіміз.

«Көш бара түзеледі» деген де нақыл сөз бар, сайып келгенде біз өзге тілдерді қолдана отырып, өзімізді дамытып, өзгелерге таныта білуіміз қажет. Себебі, ағылшын тілі мемлекеттік тілмен бәсекелес емес. Мемлекеттік тіл — ана тіліміз, ағылшын тілі — әлемдік бизнес тілі болып қалады. Мемлекеттік тілде сөйлеу — әрбір Қазақстан азаматының борышы. Бүгінгі таңда ғаламдандыру тілі болып тұрған ағылшын тілін білу — ағылшын тілді елдермен тиімді байланысқа түскен әлемдік деңгейдегі бәсекелестікте өз орнын нық ала бастаған Қазақстан үшін қажеттілік.

Оглавление

* * *

Приведённый ознакомительный фрагмент книги Труды II-й Республиканской научно-практической online-конференции «Образование XXI века: проблемы, тенденции и перспективы» предоставлен нашим книжным партнёром — компанией ЛитРес.

Купить и скачать полную версию книги в форматах FB2, ePub, MOBI, TXT, HTML, RTF и других

Смотрите также

а б в г д е ё ж з и й к л м н о п р с т у ф х ц ч ш щ э ю я