В сборнике представлены статьи II-й Республиканской научно-практической online-конференции «Образование XXI века: проблемы, тенденции и перспективы».
Приведённый ознакомительный фрагмент книги Труды II-й Республиканской научно-практической online-конференции «Образование XXI века: проблемы, тенденции и перспективы» предоставлен нашим книжным партнёром — компанией ЛитРес.
Купить и скачать полную версию книги в форматах FB2, ePub, MOBI, TXT, HTML, RTF и других
Амирханова А. К.
МЕКТЕПКЕ ДЕЙІНГІ ТӘРБИЕ МЕН БІЛІМ БЕРУ ЖҮЙЕСІНДЕГІ ЗАМАНАУИ ӘДІСТЕР
(КГКП «Центр развития я/с №1»)
УДК 372.3/.4
Қазіргі кезде егеменді еліміздің ертеңі-өсіп келе жатқан жас ұрпақтың білімінің тереңдігімен өлшенеді. Білімді, жан-жақты қабілетті ұрпақ-қлтымыздың баға жетпес қазынасы. Қоғамымызда болып жатқан әлеуметтік — экономикалық өзгерістер мен еліміздің білім беру саласының әлемдік білім кеңістігіне өтуі білім беру саласында, соның ішінде мектепке дейінгі тәрбиелеу мен оқытуға уақыт талабына сай өзгерістерді енгізуді талап етіп отыр.
Қазіргі кезде білім ғылым саласындазаманауи педагогикалық техналогиялар қаншалықты маңызды болса, мектеп жасына дейінгі балаларды оқыту мен тәрбиелеуде де педагогикалық техналогиялар ұғымы кеңінен қолданылатын ұғымның біріне айналады. Ендеше мектепке дейінгі білім беру саласының басты міндеттерінің бірі-өскелең ұрпақты оқыту мен тәрбие беру үрдісіне заманауи әдістерін енгізу. Әрине, ол үшін мектепке дейін білім беру мекемелерінде балалардың жеке басының қалыптасуы мен дамуына педагоктардың педпгогикалық технологияларды қолдана білу сауаттылығына да байланысты.
Мектеп жасына дейінгі балаларды дамыту мәселесі мемлекеттік саясаттың ажырамас бөлігі болып отыр. Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев Астанадағы Назарбаев Университетінде «Қазақстан — білім қоғамы жолында» тақырыбында интерактивті дәріс оқу барысында, Үкіметке мектепке дейінгі тәрбие мен білімнің заманауи әдістерін енгізуді тапсырды. «Бұлар-инновациялық білім беру технологиялары-креативті болуы шарт», — деді Н. Назарбаев. Сөз арасында Мемлекет басшысы соңғы жылдары мектепке деінгі білім беру мекемелерінің саны 3,5 есеге артқанын айтты. Ал соңғы 2 жылда мектепке дейінгі мекемелерде балалардың қамтылуы 65 пайызға жеткен. 2020 жылға қарай бұл көрсеткіш 100 пайызға жетеді.
Егеменді еліміздің талабына сай мектепке дейінгі тәрбие мен білім беру, қазіргі заманғасай білімді де тәрбиелі ұрпақ тәрбиелеу — педагогтар еншісінде. Заман өзгерген сайын әдіс-тәсілдер көбейіп, жаңарып, толығып жатыр. Балалардың тілін дамытуды, қызықты үйрету үшінжаңа әдістер мен технологияларды өз тәжірибемізде қолдануға ізденеміз. Жаңа технологияны, әдіс-тәсілдерді тиімді қолдану білім сапасын арттырады.
Жаңа заман баласы-ертеңгі еліміздің болашағы. Жаңа заман баласын қалыптастырыолллллп, дамыту үшін, тұлғаның ішкі дүниесі мен оның қыр — сырынаныңтап, мүмкіншіліктері мен қабілетінің дамуына жағдай түзету қажет. Әрине ол үшін мектепке дейінгі білім беру мекемелерінде балалардың жеке басының қалыптасуы мен дамуына педпгогтардың педагогикалық технологияларды қолдана білу сауаттылығына да байланысты. Яғни, педагогикалық технологияны қолдану негізінде келешек ұрпақтың дамуына, жан-жақты білім алуына, белсенді, шығармашыл болуына жағдай жасау — қазіргі таңдағы әрбір педогогтың міндеті.
Қоғамдағы қазіргі даму кезеңінде мектепке дейінгі білім беру жүйесінде оқыту, тәрбие беру үрдісін технологияландыру — бастыт мәселенің бірі. Білім беру жүйесінде педогогикалық технологияны қолдану келешек ұрпақтың еркін дамуынағ жан-жақты білім алуына, белсенді, шығармашыл болуына жағдай жасау әрбір педогогтың міндеті болып табылады. Осыған орай мектепке дейінгі мекемелердің тәжірибесіне оқыту мен тәрбиелеудің әр түрлі технологиялары жасалып енгізілуде: ынтымақтастық педогогикасы, білім беруді ізгілендіру, ойын арқылы оқыту, түсіндіре басқарып оза оқыту, өздігінен оқыту, сын тұрғысынан ойлауды дамыту, оқытудың компьютерлік технологиясы, психологиялық, педогогикалық әдістемелік білімді, педогогикалық шеберлікті, балалардың жан дүниесіне терең үңіліп оны ұғына білуді талап етеді.
Қазіргі таңда мектепке дейінгі білім беру мекемелерінде қолданылатын заманауй педогогикалық әдістердің бірнеше түріне тоқталайық. Мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту балалардың шығармашылығын дамытуда интербелсенді әдістерді қолдану бірнеше міндеттердішешуге мүмкіндік береді. Интербелсенді әдістер тәрбиешілердің басқа балалармен, тәрбиешімен диалогқа кірумен, шығармашылық тапсырма орындаумен, оқытудың «субъекті» ретінде сипатталады. Интербелсенді әдістер балаларға мінезін қалыптастыруға, байланыс тілді, логикалық ойлауды, дүниетанымды дамытуға, сыни ойлауды қалыптастыруға және жеке мүмкіндіктерді беретін заттақ-дамытушы орта құруға мүмкіндік береді.
Еліміздің мектепке дейінгі мекемелері мемлекеттік стандартымыздығ ұлттық тәрбиемізді негізге ала отырып, оқу қызметін жүгізумен қатар, бала тәрбиесіндегі әлемнің көптеген мемлекеттері пайдаланып отырған үздік тәжірибелі италияндық ағартушы-ғалым М. Монтессори әдісімен жұмыс жасауда. мемлекттік жалпыға бірдей білім беру стандартында қарастырылған бес білім беру салалары М. Монтессоридың әдістемесі бойынша ортаны ұйымдастырумен үндес болып келеді.
Бұл әдістің мақсаты — балалардың табиғи мінезін, қабілетін, тәрбиешінің нұсқауымен емес, өз еркімен тәуелсіздік рухына тәрбиелеу. «Өзімнің жасауыма мүмкіндік бер» дейді мұндағы бала. Педагог әрқашан мейірімді, балаға басшылық ете отырып, бала мен дайындалған дидактикалық орта арасындағы елші болады.
Мектепке дейінгі шақ адамзат өміріндегі ең шешуші кезең болып келеді. Өйткені осы кезде баланың бойындағы табиғи бар дарндылық жан-жақты дами бастайды. Сондықтан осы шақта балалармен анағұрлым жан-жақты дамытушылық әрекеттер жүйелі жүргізілсе, соншалықты жұмыс нәтижелі болады. Міне осыған сәйкес жеке тұлғаны дамытуда Г.С.Альтшуллердің «Тапқырлық тапсырмаларды шешу теориясы» технологиясын республикамыздың мектепке дейінгі мекемелерді қолдауда. Шығармашылықты зеттеген ғалымдардың бірі Г. С. Альтшуллер 50 жылға жуық шығармашылығ тұлға іс-әрекеті заңдылығын зерделеумен айналысты.
Мектепке дейінгі балалық шаққа бейімделген ТТШТ технологиясы баланы шығармашылық тапсырмаларды орындауға үйретеді және оның бойында шығармашылық жүйелі түрде жетелеуге мүмкіндік береді. Баланың шығармашылық потенциялының тұлға ретінде даму мәселесі мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың мемлекеттік жалпыға міндетті стандартындағы білім мақсатының біріне жатады. Бүгінгі күні осы Тапқырлық тапсырмаларды шешу теориясының әдістері арқылы мектепке дейінгі балалардың тілдік құзіреттіліктерін, қабілеттерін дамытудағы маңызды орын алатыны айқын. ТТШТ әдістерін дұрыс қолданудың арқасында балалардың шығармашылық қиялы, тапқырлығы, диалектикалық ойлауы жктіледі.
Бүгінгі күннің заманауи білім беру жүйесі үшін өзекті мәселелердің бірі-балаларды ғана емес, педагогтардың да, кәсіби құзіреттілігінің дамытуды қамтамасыз ету. Сондықтан қазіргі кезде облысымыздағы мектепке дейінгі педагогтардың тәрбиелеу мен оқытуда заманауи әдістерін қолдануы, оларға әдістемелік қолдау көрсету — басты назарда. Біліктілікті арттыру жүйесі қоғам сұраныстарына дер кезінде жауап беруге мүмкіндігі бар үздіксіз білімнің ең бір оралымды құрылымдарының бірі.
Пайдаланылған әдебиеттер.
1) «Жаңа технологияларды сабақта қолдану» Ұ. Төлепова «Бастауыш мектеп» №7, 2015 жыл
2) «Отбасы және балабақша» журналдары 2014 жыл, 2017 жыл
3) Дамыту оқыту технологиясы. Бисенбаева Әлия.
Приведённый ознакомительный фрагмент книги Труды II-й Республиканской научно-практической online-конференции «Образование XXI века: проблемы, тенденции и перспективы» предоставлен нашим книжным партнёром — компанией ЛитРес.
Купить и скачать полную версию книги в форматах FB2, ePub, MOBI, TXT, HTML, RTF и других